"Пари Сен-Жерменнің" жаңа бас бапкері Луис Энрикенің жаңа маусымға жоспарында шабуылшы Неймар жоқ болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.RMC Sport мәліметінше, Энрике мен клубтың спорт директоры Луиш Кампуш бірден бірнеше футболшыға жаңа команда іздей беру керегін айтыпты. Ол ойыншылардың қатарында Неймардан бөлек Уго Экитике, жартылай қорғаушылар Марко Верратти мен Ренату Саншеш, сондай-ақ қорғаушы Хуан Бернат бар.Оның үстіне Неймар мен Верраттиді клубтың ресми фотосессиясына шақырмаған екен. Олар кейінгі екі күн командамен жатықпапты да. Фотосессияға Килиан Мбаппе де қатыспағанын айта кетейік.