Франциялық «ПСЖ» футбол клубы шабуылшы Килиан Мбаппеге жаңа келісімшарт ұсынды. Бұл туралы RMC Sport хабарлады.Бұл ретте футболшы Килиан Мбаппеге ұсынылған жаңа келісімшарт туралы RMC Sport порталының тілшісі Стефан Ги мәлімдеген. Мәселе оның анасы ұстайтын ақшада болса, «ПСЖ» клубымен ешкім таласа алмайды. Өйткені олар Мбаппеге құны 400 миллион еуро тұратын 4 жылдық келісімшарт ұсынып отыр. Envoyé Spécial-дың деректі фильміне сүйенсек, қазір Килиан жарнамадан түсетін табысты қоса есептегенде, жылына 100 миллион еуро табыс табады. «ПСЖ» оған жылына 100 миллион еуро төлеуге дайын, – деді ол. Еске сала кетсек, Мбаппе «ПСЖ» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Футболшы «ПСЖ» клубының осы маусымдағы 25 матчында 26 гол және 4 нәтижелі паспен көзге түсті.