"ПСЖ" футбол клубына Francе Football басылымына пара берді деген айып тағылып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Le Monde порталына сілтеме жасап хабарлайды. France Football – маусымның үздік ойыншыларын анықтап, "Алтын доп" жүлдесін табыстайтын басылым. 2023 жылдың үздік ойыншысы атағын "ПСЖ" футбол клубында ойнаған аргентиналық Лионель Месси жеңіп алған еді. Ал қазір "ПСЖ" өкілдерінің France Football басылымының бұрынғы бас редакторы және "Алтын доп" премиясының ұйымдастырушысы Паскаль Ферремен байланысы тексеріліп жатыр. Тергеу өткен жылдың желтоқсанында қамауға алынған "ПСЖ" командасының бұрынғы байланыс директоры Жан-Мартиал Рибастан басталды. Франция тергеушілердің мәліметінше ол өзінің және клубтың пайдасы үшін журналистерге, саясаткерлерге, министрлік қызметкерлеріне және әртістерге матч билеттерін жеткізіп отырғандығы туралы жазылған. Құзырлы органдар Рибас пен Ферре арасындағы байланысты да анықтап жатыр. Тергеушілердің айтуынша "ПСЖ" өкілдері Паскаль Ферремен жақын қарым-қатынаста болу арқылы "Алтын доптың" нәтижесіне әсер етіп, Месси аталмыш сыйлықты жеңіп алады деп үміттенген. Еске салайық, Месси "ПСЖ" сапында 2021-2023 жылдары ойнап, 75 матч өткізді. Аталмыш клубтағы мәнсабы кезінде жалпы есеппен 32 гол соғып, 35 нәтижелі пас берген.