Пітір садақа мөлшері қанша?

ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов пітір садақа мөлшері қалай белгіленгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.2024 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп төмендегідей бекітілді: Бидай 2 кг – 341 теңге. Ұн 2 кг – 640 теңге. Арпа 4 кг – 701 теңге. Мейіз 2 кг – 5745 теңге. Құрма 4 кг – 8536 теңге. Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаның құнын ұнмен есептеуді негізге алады. Өйткені шариғатта бидаймен қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат етіледі. Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты айттың бірінші күні. Оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады. Алайда пітірді айт намазына дейін беру – мұстахаб, - дейді ҚМДБ төраға орынбасары. Осыған орай 2024 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 640 теңге етіп белгіленді. Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ. Ал підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 3400 (үш мың төрт жүз) теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді, - дейді ҚМДБ төраға орынбасары.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Алматыда қараусыз қалған бос жер жаяу жүргіншілер аймағына айналды
Синоптиктер 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
Доллар, сен неден күшті болдың?
Қарашаның 29-на жасалған ауа райы болжамы
Индонезияда су тасқынынан отызға жуық адам қаза тапты
Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова тосынсый жасады
Айыппұл салынады, тариф қымбаттайды: Желтоқсанда тағы не өзгереді?
Көкшетауда "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форум өтті
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды
Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір іс қаралды
“Жедел жәрдемге жедел жәрдем керек“: Министрліктің есебі қандай?
Синоптиктер 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Биыл газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
Озат оқушыға ерекше мүмкіндік бар: бір жылда екі сыныпты қалай оқуға болады?
Ақылы автотұрақты тегін пайдалана алатын кімдер?
Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтті
13 қалада ауа сапасы нашарлайды
Жаңа жылға сыйақы беріле ме?
“Дариғамен бірге болу - бақыт“. Актер Олжас Абаймен экслюзив сұхбат
Тұман, жаңбыр: бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз болады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау нысандарында 40 тексеру жүргізген