Пугачева мен Галкинге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін – БАҚ

Ресей Тергеу комитеті атақты әнші Алла Пугачева мен белгілі әзіл-сықақшы Максим Галкиннің үстінен қылмыстық істің қозғалуы мүмкін екенін хабарлады.Бұл туралы Halyq Uni хабарлайды. Осыдан бірнеше уақыт бұрын Тергеу комитеті өнерпаздардың үстінен түскен арыз-шағымдарды қарамай, қылмыстық жауапкершілікке тартпаған болатын. Енді комитет ел-ел, жер-жерден жаңа материалдар үсті-үстінен келген соң, белгілі юморист пен оның зайыбының үстінен қылмыстық іс қозғауы мүмкін.SHOT-тың хабарлауынша, «Зов народа» қоғамдық ұйымның белсенділері Тергеу комитетіне арыз жазып, Пугачева мен Галкиннің Украинадағы соғыс басталысымен Ресейді қаралаған сөздерін ескеріп, қылмыстық істі қозғауды сұраған. Белсенділердің айтуынша, Галкин Түркияның Анталья қаласы мен Кипрдің Лимасол қаласында болған шығармашылық кешінде Украина қарулы күштерін қаржыландырып жатқанын мойындап, украин дрондарының Мәскеуге шабуылына қуанып, Ресейдің қорғаныс жүйесін кекеткен. Ал Пугачева болса, Украинадағы соғыс басталған күннен бері-ақ Ресейдің саясатына ашық қарсы шығып, елді арандататып келеді. Әзірше Тергеу комитеті Ресейде шетел агенті болып танылған әртістерге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ Жаңа жыл мерекесінен кейін материалдарды зерттеп, арыз-шағымдарды ескеріп, екеуінің үстінен қылмыстық істі қозғайды деген дерек бар. Егер іс қозғалса, Галкин мен Пугачева Ресей Федерациясының қарулы күштерін кемсіту әрекеті бойынша әр қайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал терроризммен айналысты деген күдік расталса, 15 жылға дейін сотталуы ықтимал.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс аймағы пайда болды
Ақтауда ер адам жыныс мүшесін шығарып, кішкентай қыздарға тиіскен: күдікті небәрі 40 күнге қамалуы мүмкін
«Иә деді»: Сарбаз ант беру рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)
Хоккей: Қазақстан құрамасы XXXII Қысқы Универсиада ойындарын жеңіспен бастады
АШМ: Былтыр елімізде 26,7 млн тонна астық жиналды
«Ол зат па не?»: күйеуіне тоқал сыйлаған әйел адам сынға ұшырады (ВИДЕО)
Түнде тыныштықты бұзғаны үшін қанша теңге айыппұл салынады?
Атыраудағы мектептердің бірінде оқушылар қашықтан оқиды
Солтүстік Қазақстанда шаруашылық құрылыс пен үй өртенді
Тендер ұтып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Алматыдағы полицейдің өлімі: оқиғаның қалай басталғаны туралы видео жарияланды
Бүркіт: Балаларымды ақылы мектептен шығарып алдым
Керлингтен қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
АҚШ-та бортсерікпен сөзге келіп қалған Хабиб Нурмагомедов рейстен түсірілді (ВИДЕО)
Тұман түсіп, жел күшейеді: 13 қаңтардағы ауа райы болжамы
«Сәби сүюді жоспарласаңыз»: уролог орындығын қыздырып жүретін жүргізушілерге ескерту жасады (ВИДЕО)
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды қалай тұтынады
"Астана" ВТБ лигасында оңбай ұтылды (ВИДЕО)
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындар суды қалай тұтынады
Отандық 78 өсімдік шаруашылығы кәсіпорны ҚХР БКБ-ның аккредитациясынан өтті
Стюардессамен сөзге келген спортшы рейстен түсірілді