"Пышақ тақап, мені қорқытты". Бірден екі қызға үйленген шымкенттіктің әйелі бар шындықты айтты

Жақында әлеуметтік желіде шымкенттік жігіт бірден екі қызға үйленгені туралы видеолар тараған болатын. Бұл туралы жігіттің өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында жазып жүр. Алайда Фариза есімді екі қыздың бірі шын мәнінде қазіргі жағдайы қандай екенін әңгімелеп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.Бірден екі әйел алған жігіттің видеосы биыл наурыз айында әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түскен болатын. Желі қолданушылардың көбі бұл жай “хайп” деп, сенбеген болатын.Өзін “Ержан мырза” деп атайтын жігіттің екі әйелінің бірі болған Фариза хабарласып, бар жағдайды түсіндіріп, көмек сұрады. Айтуынша, Фариза бүгінде ол үйден кетіп қалған. Ал бастапқыда күйеуі тағы бір әйел әкелетінінен бейхабар болған екен. "Негізі біз екеуіміз үйленбек болғанбыз. 16 наурызда "тәтті шай" болды. 17 наурызда мені келісіп алып кетті. Сол сәтте көліктен бір қызды көріп қалдым. Бірақ тағы бір әйел әкеле жатыр деген ой болмады. Үйіне барған кезде ол қыз бала көтеріп қалғанын білдім. Ол кезде қыздың жасы 17-де еді, қазір 18-де. Маған жағдайды түсіндіргеннен кейін мен қалдым. Бірақ үшеуіміз туралы әлеуметтік желіге салып жібергенін қаламадым. Біздің өміріміз туралы әлеуметтік желіге салуына қарсы болған кезімде мені ұрып-соғу басталды. Қазір ол үйден қашып кеттім. Ол үйде тұрмаймын", - дейді Фариза. Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі әлі күнге дейін хабарласып мазаны алады, кездесуді де сұрайды екен. "Суреттеріміз бен видеоларымызды әлеуметтік желіге әлі күнге үшеуміз бір үйде тұратындай салып тастайды. Тікелей эфирлерге кіріп, мен әлі сол үйде тұратындай айтып отырады. Бірақ менің ол үйден кеткеніме екі айдай уақыт болды. Ажырасатындай қалың мал беру деген секілді басқа да дәстүрлер орындалмады. Анасы екеуі келіп, "жағдайым жоқ" деп айтты. Мен екі әйел болып тұрмаймын деген кезде маған пышақ тақап, қорқытты. Мені қорқытып-үркітумен ұстап отырды. Полицияға дейін шағымдандым. Бірақ ешкім ешнәрсе істей алмады. Себебі полицейлер ол оның жеке өмірі болғандықтан ешнәрсе істей алмайтынын айтты. Оқиға Шымкенттің өзінде болған. Қазір ол екінші әйелімен тұрып жатыр, мен оған еш қарсы емеспін, - дейді Фариза.  Фариза бұрынғы күйеуі өзінің суреттерін парақшасына салмаса екен деген ғана өтінішін айтты. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Аса ірі көлемде есірткі таратқан қарағандылық сотталды
Өзбекстандық тістеп алған: аппеляциялық шағымнан кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионы деп танылды
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Көктайғақ, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Жігіттермен төбелескен: Атышулы трансгендер қамауға алынды
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Петропавлда өз пәтерінде қамалып қалған зейнеткер құтқарылды
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)