Пышақпен қорқытып, 5 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

Түркістан облысы Полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған.Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі "Қорқытып алу" бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кірісті.Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. Төлеби ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер, нәтижесінде 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен 2 жігітті ұстады. Олардың біреуі-бұрын сотты болған, Төлеби ауданының тұрғыны. Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленушінің қаражатын тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 6 дана оқ табылды. Тиісті сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктілердің басқа да қылмыстарға байланысы бар-жоғы анықталуда. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем кубогы: Қазақстандық арбадағы теннисшілер іріктеу кееңіне қатысты
Қазақстанда жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы тағы да айтылды
Қазақстандықтар кітап оқуға жылына небәрі 65 сағатын арнайды - Мәжіліс депутаты
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
Алматылық дәрігер ұшақта есінен танып қалған студенттің өмірін сақтап қалды
Алматыда «Ұлы дала ойыны» фотокөрмесі ашылды
Сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларды қолдайтын кітап шықты
«Алдап, қарызға батырып жатыр». Депутат зейнеткерлердің несиесін кешіруді ұсынды
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы басталады
Ел азаматтары қосымша құн салығын қашаннан бастап төлейтіні белгілі болды
Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады