“Пышақтап, каналға лақтырып жіберген”: Түркістанда Аружан Орынбайдың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Түркістан облысында кәмелетке толмаған Аружан Орынбайды бопсалау және өлтіру дерегі бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.Қыздың өліміне кінәлі болуы мүмкін екі күдікті ұсталған.Оқиға 2023 жылдың сәуір айында болды. Іс материалдарына сәйкес, сотталушылардың бірі Аружанның жартылай жалаңаш суретін досына жіберген. Екіншісі қызды бопсалап, одан 1 миллион теңге сұрайық деп ұсыныс айтқан. Алайда досы бұл әрекетке көнбепті. Бопшалаушы досына күш көрсетемін деп қорқытқан. Нәтижесінде соңғы кездесуде екі ер адам мен жәбірленушінің арасында жанжал шыққан. Ол қызды екі рет пышақтап, кейін каналға лақтырып жіберген. Оқушы қыздың мәйіті оқиға орнынан 2 шақырым жерден табылды. "Сот үкімімен бір сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Бопсалау" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екінші сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы – "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбай. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ал қыздың анасы сот шешімімен келіспейтінін КТК арнасына берген сұхбатында айтты. "Бейбарыс деген баланың қатысы бар екен. Бұл жерде Төлеп деген баланың шығарып бергені болып отыр. Бірақ шығарып берген күнде де, өлім болып отыр ғой. Сот шешімімен келіспеймін. Қалай үй қамаққа жібереді? Төлеп деген бұрынғы әкімнің баласы. Жазасын алсын деймін. Кімнің баласы болса да, қандай баласы болса да, олардың балалары тірі. Ал менің қызым енді жоқ”, – дейді А. Орынбайдың анасы Динара Зілғараева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ковид кезінде жерлеу қызметтерінің бағасы 1 миллион теңгеге дейін өскен – Сенатор жерлеу орындарын мемлекетке қайтаруды талап етті
Жыл басынан бері іздеуде жүрген 311 адам ұсталды
Еліміздегі доллар тағы өзгерді
Туберкулездің алдын алу: денсаулыққа маңызды қадам
Қазақстан көлік және энергетика инфрақұрылымына 200 млн еуро инвестиция тартады
Қазақстан халқы екінші жыл қатарынан мигранттардың есебінен өсіп отыр
Алматыда төрт радикал ұсталды
Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады
Ковид кезінде жерлеу қызметтерінің бағасы 1 миллион теңгеге дейін өскен – Сенатор жерлеу орындарын мемлекетке қайтаруды талап етті
Алматыда дәрігерлер ерекше жағдайдағы жүкті әйелді аман-есен босандырып алды
Қазақстанға жарты жылға дейін жұмыртқа кіргізуге тыйым салынды
Көрісу күніне орай «Көктөбе» аспалы жолы уақытша тегін болады
Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында көктемгі дератизация өтуде
Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын амал күнімен құттықтады
Наурыз көженің әртүрлі дайындалу тәсілдері
Өнердің дидарына дақ түсірмеген дарын...
Айдан аман, жылдан есен болайық!
Бояу алып, қоршауыңды боя!
"Ресей ұсынысты қолдайды" деген Путин мәлімдемесі соғыс тоқтайды деген сөз бе?
Қарағандының белгілі ұстазы рамазан айында дүниеден өтті
Алматы «жеке уақыт белдеуіне» көше ме?
Дастарханды тез әрі әдемі жайюдың 3 құпиясы
Алаяқтарға алданғандар азаймай тұр