Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен."Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайы.