«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры «Q Talks» жобасын өткізді. Шара бесінші мәрте ұйымдастырылған. Бұл – білім саласында тәжірибе алмасудың жаңаша форматы. Негізгі мақсаты- білім беру ұйымдарында ұрпақ тәрбиесі үшін атқарылып жүрген және тәжірибеден өткен игі істерді көрсету. Пікір алаңында спикерлер өз тәжірибесімен бөліседі. Оған мектеп мұғалімдері, тәрбиешілері, мектеп директорлары, тіпті ата-аналар қатыса алады. «Құндылықтарға негізделген білім беру» біліктілікті арттыру курсынан өткен оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық жоба жұмыстарының көрмесі де ұйымдастырылған. Дархан ӨТЕ, "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ ПРЕЗИДЕНТІ:Q Talks платформасы -бұл еліміз бойынша білім иновация лицейлерінің бастауларымен басқа да мектептермен озық тәжірибелерді бөлісу мақсатында құрып отқан бір платформа. Осы құндылықтардың барлығы әрине ол мектеп қабырғасынан басталады. Бұл жерде ең басты рөл ойнайтын тұлға –ол мұғалім. . Марат АЙТҚАЛИЕВ, БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:Біз осы Q Talks жобасына басты идеялармен бөлісуге келдік. Барлық ұстаздардың басын қосқан үлкен бір жоба болып саналады. Менің тақырыбым Альфа ұрпаққа ,альфа ұстаз, заманауи ұстаз яғни оқушыларды қызығушылықтарына қарай оқыту. Мұғалімнің негізгі құралы әрдайым ізденісте болу.