Қазақстандық Qazaq Air әуекомпаниясын тағы да сата алмады, бұл жағдай туралы толығырақ Tengritravel.kz баяндайды."Самрұқ-Қазына" холдингінің баспасөз қызметінің өкілдері қайталанған ашық конкурс өткізілмеген деп танылғанын мәлімдеді. "Самұрық-Қазына" АҚ конкурс шарттарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты 2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған "QAZAQ AIR" АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурстың өткізілмегені туралы хабарлайды", - делінген релизде.