«QazaqGaz» ҰК АҚ қызметкерлері жол-көлік оқиғасы кезіндегі соққыны арнайы қондырғы арқылы сезініп көрді

«Жол-көлік оқиғасына жол жоқ». Ақтөбеде «QazaqGaz» ұлттық компаниясы жол-көлік оқиғаларынан сақтануға арналған ауқымды іс-шара өткізді. Көпшілік қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Оның қаншалықты маңызды екеніне мән бермейді. Сондықтан мамандар бүгін сақтық шараларын тәжірибе арқылы көрсетті.Соңғы төрт айда Ақтөбе облысында 120 жол-көлік оқиғасы болып, 26 адам қаза тапқан. Көп жағдайда жүргізушілер жылдамдықты арттырып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Асылхан БЕКБОСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖПҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бұл дейтін қиын жағдай өкінішке орай болып тұр. Және де қарсы бағытқа шығу осы белдік тақпау сегіз жол көлік оқиғасы болып бес адам қаза болып, 13 адам дене жарақатын алып тұр. «QazaqGaz» ұйымдастырған шарада жолдағы сақтық шараларына қатысты дәріс оқылып, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Жол апаты кезіңде соққының қандай болатынын қызметкерлер арнайы жаттығу құрылғы арқылы сезініп көрді. Қауіпсіздік белдігін тағу арқылы қандай қатерден қорғануға болатыны да айқын көрсетілді. Ерлан БОРАНБАЕВ, «ҚАЗТРАНСГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС АҚТӨБЕ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Бұл іс-шараның басты мақсаты - адам өз өмірінде жұмыста,сондай-ақ жұмыстан бөлек уақытта автокөлікпен қозғалу арқылы қауіпсіздік белдігін тағып және өз өмірін сақтап қалу қаншалықты маңызды екенін көрсету. Елімізде күніне орта есеппен бес-алты адам жол апатынан көз жұмады. Сондықтан әр адамның қауіпсіздігі ерекше маңызды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Тамаша» туралы тамаша тарту
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы