"Рахмет айту бақытқа бөлейді", - психолог

Астана телеарнасын көріп отырғаныңыз үшін рахмет сізге, көрермен! Бүгін – бүкіләлемдік рахмет айту күні. Халықаралық мереке 2008 жылдан бері БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен тойланады. Мейрамның мақсаты – айналадағы ізгілікті байқап, ризашылық білдіру. Қарапайым құндылықты тілшіміз Айсәуле Съезбек қала тұрғындарына насихаттап көрді. Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ: Қаңтардың қара суығына қарамастан қаланы қардан тазартатын жандардың еңбегі ерен. Бірақ күнделікті күйбең тіршілікте бұл қызметтің маңызына мән беріп, рахмет айту туралы ойланбаймыз. Бүгінгі бүкіләлемдік рахмет айту күнін пайдаланып, тазалық жанашырларына жылы лебізімді білдіргім келеді.Қаламызды көркейтіп, қардан тазартып, жолымызды ашып жатқаныңыз үшін сізге көп-көп рахмет! Мынау сізге менің атымнан, жұмысыңыз жана берсін!- Өзіңізге де!- Сіздің осы ерінбей еңбек етіп, қаламызды тазартып көмектесіп жатқаныңыз үшін көп рахмет айтамын халықтың атынан. Мынау кішігірім болса да сыйлық менің атымнан қабыл алыңыз!- Ой рахмет!- Жалпы осы қызметте жүргеніңізге қанша жыл болды?- Ой біраз жыл болды ғой. Кейде стройкада істедім. Мында істеп жатырмын енді. Әйтеуір бала-шағаға тамақ болсын дейді ма не дейді енді.- Рахмет жалпы еңбегіңіз үшін.- Аман болыңдар!  «Рахмет» айту қоғамдағы коммуникацияның сапасына тікелей әсер етеді, - дейді психолог. Сонымен қатар отбасындағы қарым-қатынастың беріктігі де уақытылы алғыс білдіруге байланысты көрінеді. Ержан МЫРЗАБАЕВ, ПСИХОЛОГ: Рахмет айтылған кезде адам өзінің жұмысының маңызды екенін, қажет екенін сезінеді. Ары қарай сол жақсылықты істеуге мотивация алады. Рахмет сөзінің айлыққа қарағанда әлде қайда әсері мықты. Айлық алған кезде мен бұл жұмысты істедім, мынау менің ақым, мен мұны алуым керек дейді. Бірақ рахмет айтылған кезде біз одан материалдық емес, рухани ләззат аламыз. Жақсылық істеген адам бірінші кезекте өзі ләззатқа кенеліп, қуанады. Ал рухани ләззаттың материалдыққа қарағанды сезілуі мен есте қалуы әлдеқайда ұзақ. Әрі бұл рухани шаттанудың қайта-қайта сезіну эффектісі бар. Мен де қала тұрғындарына көмектесіп, өзімді бақытты сезінгім келді. - Апай,көмектесіп жіберейін ба? - Жоға рахмет! - Әкеліңіз, көмектесейін. - Рахмет! Рахмет! - Остановакаға барасыз ба? - Иә, мына сары үйге барам.- Сізге кішкене қар күреп көмектессем болама? - Жоқ-жоқ. Ертең бізге сөз болады. Қарындас ренжемеңіз. Мен берер едім әне круговой камера тұр. Сосын ертең айтады зачем женщинам отдал, почему деп.- Апай ауыр ма? Көмектесіп жіберейін ба? - Жоқ, жоқ. Рахмет! - Көмектесіп жіберейін, әкеліңіз. - Жоқ-и-жоқ, рахмет!- Давайте я вам помогу апай до остановки. - Спасибо, спасибо,нет-нет! - Қаламайды.- Қай жерге апарайын? - Тағы көтерісетін барма,ағай? - Крышкалар бар. - Давайте көтерісіп жіберейін. - Кейде ер адамдарға да көмек керек қой иә? Әйел адамдарға ғана емес. Жақсы сау болыңыздар! - Рахмет! - Рахмет. Бақытты бол!- Девушка у вас очень красивые глаза. Прям с далека видно. - Спасибо! - Хотела вот это сказать.- Ағай, көмектесейін ба? - Маған ақшалай көмектесесің бе? Тамаққа? - Тамақ алып берейін ба?..... Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ: Міне енді қолымыздан келгенше қала тұрғындарына көмектесуге тырыстық. Ең бастысы ниет. Және айналамыздағы бір-бірімізге көмектескен сәттерде рахмет айтуды ұмытпайық! Тек осы бүкіләлемдік рахмет күнінде ғана емес, жалпы бір-бірімізге назар аударып, қол ұшын беріп және сол рахмет айтуды ұмытпасақ екен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Кирилл Герасименко Норвегияда жеңіске жетті
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
«Тоғыз айдан кейін ұл не қыз туады». Ермахан Ыбырайымовтың тілегі желіде хит болды
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды