«Ертең аукционда жүрмеңіз»Smart News басылымының хабарлауынша, күні кеше атақты продюсер Баян Алагөзова өзінің 50 жас мерейтойын дүркіретіп өткізген еді. Продюсердің мерейтойына қазақ эстрада, кино жұлдыздары қалмай барған. Туған күнге барғандардың бірі Қайрат Нұртас өзінің сахналық пиджагын продюсердің иығына жапты. Жұртшылықтың көзін қыздырған пиджак көпшілікті таң қалдырған. Мерейтойы өткен соң Баян Алагөзова әнші Қайратпен түскен суреттерін жариялап, астына қызық жазба қалдырды: «Бір күні Қайрат Нұртас сыйға берген пиджакты өөөте қымбат бағаға сататын боламын. Ал әзірге бұл менің гардеробымдағы бағалы дүниенің бірі болмақ. Рахмет, Қайрош!», - деп жазды продюсер. Продюсердің суретін көргендер әр алуан пікірлер қалдырды. «Пиджак өзіңізге қатты жарасып тұр», «Жарасып тұр. Құйып қойғандай», «Туған күніңізге берілген ең қымбат сыйлық осы шығар. Басқалар не берді?», «Расында бағалы. Қайрат жолы жақсы бала, саған деген құрметі ғой бұл», «Ертең аукционда жүрмеңіз» деп әзілдеді оқырмандар.