Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгені үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.MMA Salaries мәліметі бойынша, бұл жекпе-жек үшін "Номад" карьерасындағы ең қомақты гонорарды алды – 306 мың доллар (150 мың жекпе-жек үшін, 150 мың доллар жеңісі үшін, тағы 6 мың доллары - демеушілердің бонусы). Алайда оның қарсыласы көбірек алған. Томпсонның бұл жекпе-жектегі табысы 416 мың доллар болды (400 доллар жекпе-жек үшін және демеушілер тарапынан ынталандыру үшін 16 мың доллар берілген).