Бұл туралы Raim-мен бірге ән айтқан Артурдың сұхбатында айтылды. YouTube желісінде NTK Show арнасындағы Taboo бағдарламасында қонақта болған Артур Давлетяров сұхбатында Raim мен Ерке Есмаханның қарым-қатынасы қалай басталғаны жайлы айтып берді,-деп жазады aikyn.kz. "Олар 2018 жылы танысқан болатын. Біз бірге концертте болған едік. Бір автобуста отырған фото да салынды", – деді Артур Давлетяров. Бағдарлама жүргізушісі Анара Батырхан ол оқиғаның Павлодар қаласында болғанын және өзі де сол таныстықтың куәсі болғанын атап өтті.