Биыл Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев пен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы атап өтіледі. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны маусым айында Алматыда өтпек. Оған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттерден командалар шақырылыпты. Ал, халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналған іс-шаралар ертеңнен басталмақ. Айта кетейік, қос батыр құрдас, әрі жерлес. Екеуі де халық қаһарманы. Cұрапыл соғыс жылдарында Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі ел есіңде сақталды. Ал, Сағдат Нұрмағанбетовтің салған даңқты жауынгерлік дәстүрі әлі күнге дейін дәріптеліп келеді. Батырлардың өмірі мен қызметі туралы деректі фильм де түсірілген. Тілеухан БАСҚОЖАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Батыр бабаларымызға арналған жоспар бекітілді. Жоспар нақты тоғыз тармақтан тұрады. Ол жерде жергілікті органдар, орталық органдарға нақты тапсырма берілген. С. Қожахметов өзі өскен жеріңде Ақкөл ауылыңда қазіргі таңда Ақмола облыстық бірге қосыла үлкен 162 млн қаржы бөлінді. Сквер ашылып жатыр. Осыған ұқсас іс-шаралар Р. Қошқарбаев бабамызға да қазіргі үкімет басшысына жіберіліп жатыр. Құрлық әскерлерінің әскери институтында курсанттардың өмірінен сыр шертетін «Әскери ант» телехикаясының түсірілімі аяқталды. Онда Отан алдындағы борыш, ар-намыс, жауапкершілік және сүйіспеншілік тақырыбы ашылады. Отандық телеарна экранында 2024 жылдың 7 мамырында оның тұсаукесері өтеді. Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі мен қызметі туралы деректі фильмді республикалық телеарналарда көрсету жоспарланған. 1924 жылғы 19 қазанда туған Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу бойынша бірқатар ауқымды іс-шара жоспарланған. Барлық гарнизонда әскери қызметшілердің, Қарулы күштер ардагерлерінің, әскери-патриоттық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, акциялар, челлендждер өтеді.