Рамазан айында шайтандар кісенделеді. Бірақ не үшін жаман іс тоқтамайды?

Рамазан айында адамдарды азғыратын шайтандар кісенделеді деп айтылады. Ендеше, неліктен жамандық Рамазан айында да жалғасады? Бұл сұраққа Рамазан айына арналған подкаст жобасында республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырмин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Имам көптеген адамдар "шайтандар кісенделеді" деген сөзді әртүрлі шарықтағанын түсіндірді."Пайғамбардың "Сендерге Рамазан келді, берекелі ай келді. Бұл айда жәннаттың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылып, азғырушы, қырсық қыңыр шайтандар кісенделеді" делінген хадисі бар. "Кімде-кім бұл айдың хайырынан мақұрым қалса, қол жеткізе алмаса, көп нәрседен айырылғаны, қол үзгені" деген мағынадағы пайғамбарымыздың хадисі бар. Енді бұл хадисті көптеген адамдар "үлкен шайтандар кісенделеді" деген сөзді әртүрлі шарықтаған. "Қырсық, қыңыр шайтандар" деп айтқан дейді, бұл бір ой болатын болса, "шайтандардың үлкендері" болады. Болмаса, басқалары да Рамазан айында да көптеген күнәлі істер жасалуы мүмкін. Егер бәрі кісенделсе, олар қалай болады деген мәселелер туындап отыр. Сондықтан да кейбір ғалымдар бұл бір бөлігі деп айтқан", - деді ол.Маман адамның жамандық жасауы оның нәпсісіне де байланысты екенін ескертті."Жалпы енді бүкіл шайтанға жаба беретін емес (жаба беруге болмайды). Мысалы Құранда Юсуф сүресінде алла тағала "Мен өз-өзімді ақтамаймын, шындығында нәпсі жамандыққа итеруші" деген аят бар. Жалпы адамның өзінің нәпсісі бар. Ішкі тәрбие деген нәрсе бар. Азғыру. Адамның әртүрлі мінез құлқы мен ішкі қалауы, еркі бар. Адам осындай оғаш қылықтар жасап жатса, мүмкін нәпсісінің итергені болуы мүмкін. Немесе көңіл  қалауы, құмарлығы басып, сондай істерге алып кетуі мүмкін. Жалпы "кісенделеді" деген мағына адамдардың көбі құлшылықта болады, сол құлшылықтары арқылы шайтандардың азғыруы немесе мұсылмандарға әсер етуінің күші азаятындығын айтады. Сондықтан да жалпы халық болып үлкен құлшылық жасап, ниет болып ораза ұстаған кезде жеңілдік болады да, ал одан кейін қазасын өтеудің қиын болуы осыдан шығар. Жалпы халық ізгі амалдарда жүрген кезде қоғамға ол сезіле бастайды. Осы тұрғыда сауаптың көп, мейірімділіктің көп жасалуынан шайтанның күнделікті жасап жүрген іс-әрекетін, азғыруға әкеліп жүрген амалдарын көрмейміз", - дейді имам.Биыл Ораза 23 наурызда басталды. Ораза 2023 кестесін мына жерден көре аласыздар.Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері