Рәміздер күніне орай мерекелік шаралар өтті

Рәміздер күніне орай еліміздің түрпір-түкіпірінде әртүрлі шара өтіп жатыр. Тұрғындар патриоттық әндерді шырқап, көңіл-күй сезілді. Бұдан бөлек, велошеру ұйымдастырлып, әр саланың озаттары марапатқа ие болған. Өңірдегі мерекелік жиындар туралы тілшілерімз тарқатады. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:Көк туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбынды ел ретінде бүгінгі мерекенің орны ерек. Рәміздер - патриотизмнің, Отанға деген махаббаттың, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген терең құрметтің негізгі белгісі. Мерекеге орай Бәйтерек маңына жиылған халықтың қатары қалың. Мұндағы жиынға әскерилер мен күштік құрылым басшылығы, депутаттар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Патриоттық әндер орындалып, әскери оркестрдің музыканттары өнер көрсетті.Астанада Рәміздер күніне орай 500-ге жуық іс-шара өткен. Онда Ұлттық ұлан сарбаздары ту көтеру рәсімін өткізді. Қала тұрғындары мен қонақтарына 500 жалау тегін таратылып, танымал әртістердің қатысуымен қонцерт ұйымдастырылған. Әйгерім ЖАНАРБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:Бұл жерде халық арасында Мемлекеттік рәміздерді, Туымызды, Елтаңбамызды насихаттау мақсатында тарихымызға, мәдениетімізге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында осындай шаралар өткізіліп жатыр бізде. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің ортақ игілігіміз. Олар болашаққа деген сенімді қалыптастырады. Мерекелік жиыннан кейін патриоттық сезім еселеніп, толқып тұрмын. Осы тұрғанда бойымды елге деген мақтаныш кернеп тұр. Ал, өзге өңірлердегі әріптестерім Рәміздер күнін қалай атап өтуде? Берік, сөз сізде?...Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:Аружан, бізде де мереке ерекше тойланып жатыр. Рәміздер күніне орай сан салада жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлер марапатталды. Құрмет грамотасы мен алғыс хат алған 9 қызметкердің қатарында педагог, прокуратура қызметкерлері, полицейлер мен құтқарушылар бар. Мәселен, Бекнар Сейітжапаровқа өрт сөндіру кезінде 5 қабаттан жас баланы ажалдан аман алып қалып, көп адамға көмектескені үшін құрмет көрсетілді. Бекнар СЕЙІТЖАПАРОВ, ӨРТ СӨНДІРУШІ:Марапат иесі болып жатырмыз енді. Әрине қуаныштымыз. Құрметтеуіміз керек сыйлауымыз керек жас ұрпаққа осыны болашақта айтып түсіндіріп өтуіміз керек еліміздің жерімідің мемлекеттік нышандарын. Айдос ЖАҚСЫЛЫҚ, 22-534 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Ата бабаларымыз қорғап берген елімізді жерімізді шын жүректерімен қорғап отансүйгіштікке баулып, өсіп жетістіктерге жетуіне тілектеспіз. Жастарымыз осы рәміздерімізді әрқашан да мақтан тұтып жүрсін. Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:Сонымен қатар облыс халқы бір мезетте әнұран орындады. Ал Жамбыл ауданында көк тудың авторы танымал суретші Шәкен Ниязбеков дүниеге келген ауылда велошеру болды. Алдымен жастар көк байрағымызды ауыл ішімен 3 шақырым желбіретіп жүріп өтті. Шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Біздегі ақпарат осы, Әрі қарай қарағандылық әріптесім сөз алады.Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:«Қарағандылықтар бүгін жұмыс күнін ерекше көңіл күймен бастады. Таңертең 9 да ашық аспан астында, ту тұғырының жанында үш мың адам жиналып еліміздің әнұранын бір уақытта орындады. «Туған жерім- Қазақстан!» патриоттық форумы өз Отанын сүйетін әр бір қазақстандықты осы алаңға жетелеп әкелген.Бірлік пен Отансүйгіштікті дәріптеген жиынға әсіресе жастар белсене қатысты. Олар әнұран орындауға бүкіл туыстарын шақырып әкелген. Форум аясында Ту шеруі де өтті. Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері көк байрақтарды желбіретін сап түзіп жүріп өтті. Әсем ҚАЛДЫБАЕВА, ҚҰТҚАРУШЫ:«Осы мерекеде 3 мың адам бірге әнұран шырқағаны өте керемет болды. Үлкен сезімде болдық. Әрбір қазақ елінің азаматтарына, халқына тек қана жақсылық тілеймін. Аспанымыз әрқашан ашық болсын». Анель ЖОЛАМАНОВА, СТУДЕНТ:«Мақтаныш. Осындай қазақ елінде керемет азаматтармен, ата- бабаларымызбен мақтанып керемет әсерде мақтанып әнұранымды айттым. Керемет әсердемін. Қазақстан республикамыздың мемлекеттік рәміздер күніне арналған және басқа да іс- шаралар көп болсын!». Бүгін ел- жері мен халқына деген сүйіспеншілігін істерімен дәлелдеп жүрген белсенді азаматтар алғыс хаттармен марапатталды. Олар құтқарушылар мен әскерилер және еріктілер. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:«Мерекелік іс- шаралардың бастыс мақсаты – Отансүйгіштік ұасиетті болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, елде бірлікті нығайту екені сөзсіз . Сондықтан патриоттық акциялар, челлендж, авто және веложарыстар мен концерттер қаланың әр бұрышында бірінен соң бірі өтіп жатты».

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылы Қазақстан өңірлері спорт саласына 123 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді