Режеп Тайип Ердоған: "Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бауырлас елдің астанасында Түркі елдерінің басшылары бас қосты.Мемлекет басшысы бастаған делегация мінген ұшақ Анкара халықаралық әуежайына қонды. Ал, «Кулие» резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қонақжайлық көрсетіп, құрметпен қарсы алды. Мемлекет басшысы, ең алдымен, жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас елдің халқына көңіл айтты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Марқұмдардың туған-туыстарына, Өзіңізге және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтамын. Түркия – әрқашан қиындыққа қарсы тұра білген мемлекет. Сіздер мол тәжірибе мен ел бірлігінің арқасында бұл қиындықты еңсеріп шығасыздар деп сенемін. Бауырлас ел қиындыққа тап болғанда түркі жұрты ауызбіршілік пен жанашырлықтың озық үлгісін көрсетті. Ағайынның басына күн туғанда халқымыз ешқашан қол қусырып отырмайды. Қазақстан түрік бауырларға бірден қол ұшын созды. Мұндайда төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықты дамыту аса маңызды, – деді Президент. Бұл ретте «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» тақырыбында өтіп жатқан саммит бекер емес, өте қажетті іс-шара деп есептейтінін жеткізді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Анадолы елі Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі екенін тілге тиек етті. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Түркия Қазақстанның басты бес сауда серіктесінің қатарына кіреді. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 33 пайызға өсіп, 6,3 миллиард долларға жетті. Бұл – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазақстанның тауарларын Түркия нарығына көптеп шығаруға мүмкіндік бар. Президент түрік инвесторларының Қазақстандағы жобаларын қолдауға әзір екенін жеткізді. Сонымен қатар кездесу барысында «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағыты аса маңызды рөл атқаратыны сөз болды. Қазақстан тарапы әлеуеті мол осы көлік-логистикалық бағдарды дамыту үшін ортақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған шақыруын қабыл алып, Анкараға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Режеп Тайип ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: Түркияға келгеніңізге қуаныштымын. Алапат жер сілкінісінен 49 мың адам қаза тапты. Осындай қиын сәтте алғашқы болып телефон шалған әлемдік көшбасшылардың бірі өзіңіз болдыңыз. Қазақстаның құтқарушылары зардап шеккен азаматтарымызды құтқаруға атсалысты. Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік. Екі ел арасындағы алыс-беріс азайған емес. Жыл соңына дейін тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін жеткізілмек. Бірқатар саланы бірлесе дамытуға уағдаласты. Екіжақты келіссөз аяқталғаннан кейін Конгресс орталықта Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті басталды. Онда түркі әлемінің елдері төтенше жағдайдан бөлек, саяси, экономикалық және мәдени ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру жайлы сөз қозғады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Прокурорлар қоршаған ортаға келген 30 млрд теңге залалды өндірді
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
«Жанна Оразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды». Полиция мән-жайды айтты
Оқушылардың қысқы каникулы басталды
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
ICAO ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
2024-те көп қойылған есімдер
Ауа райына байланысты Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабылды
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады
Конституциялық сот: Шартты түрде мерзімінен бұрын босату заңға сәйкес қаралуы керек
Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұшақ апаты: ауруханадағы алты адамның жағдайы қандай?
Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды
Жарылыс болған кезде, ұшақ бөлшектеніп кетеді деп ойладым...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді
Астанада полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың қазіргі ахуалы айтылды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Астанада жаңа жылдық ойын-сауық басталды
Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеуге шетелдік мамандар ұшып келді
Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды