Рельстен шығып кеткен Бішкек-Самара пойызы қайта аттанды

Ақтөбенің Біршоғыр бекетінде рельстен шығып кеткен жолаушылар пойызы жөндеу жұмыстарынан соң қайта қалпына келтірілді. Пойыз Самараға қарай бағыт алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір стансасында жолаушылар пойызы мен маневр тепловозы соқтығысқан болатын. Таңғы сағат 10:20-да тоқтаған пойыз қайта жолға шықты. Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бішкек-Самара бағытындағы пойыз сағат 16:00-ден кейін аттанды. «Аталған оқиға Қандыағаш стансасындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне алынды. Іс Қылмыстық Кодекстің 344-бабы 1-бөлігімен қозғалды, яғни теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тіркелді», - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі. Еске салсақ, Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы Ералы Тоғжанов теміржолдағы апаттан кейінгі жағдайды бақылауына алып, жолаушыларға көмек көрсетуді тапсырды. «Оларға ыстық тамақ жеткізілді. Дәрігерлер де жолаушыларды қарап шықты. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын пойыз жетті. ТЖД мен «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Апаттың себебін арнайы комиссия анықтайды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апаты. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды
Алматыда құрылыс нысандарын бақылау күшейтіледі
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды