Ресейді коронавирус, тұмау және қызылша эпидемиясы жайлады. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. Дәрігерлердің мәліметінше, соңғы бір аптаның ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 10%-ға көбейген. Бұған енді қызылша мен көкжөтел қосылды. Мектептер мен жоғары оқу орындарында қызылшаға қарсы карантин енгізіліп жатыр. Сондықтан енді қызылшаға қарсы екпе тек балаларға ғана емес, ересектерге де салынады. Тұмау жұқтырғандар да 30 пайызға көбейген.Александр Арутюнов, дәрігер: Сондықтан қазіргі жағдайда барлық карантиндік шараларды қолға алған маңызды. Яғни ем-домнан бөлек, вакцинациялауға да баса мән берген маңызды. Өйткені вирустың тарауына тосқауыл болатын тек ұжымдық иммунитет қана.