Ресейде коронавирус жұқтыру көрсеткіші екі есе артты

Ресейде күзгі эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай өскені байқалды.Роспотребнадзор басшысы Анна Попова Федерация кеңесінің үкімет сағаты аясында сөйлеген сөзінде соңғы аптада елде коронавирус жұқтыру көрсеткішінің артқанын хабарлады. «Бүгінде біз қыркүйекте болған бірінші толқыннан жоғары екінші толқындамыз — ол көтеріліп жатыр. Тіркелген науқастар саны соңғы аптада 35-36 мың адамды құрап отыр, бұл өткен аймен салыстырғанда екі есе көп. Ауруға шалдыққандардың жалпы саны немесе үлесі 30%-дан асып тұр, бұл үш субъекті — Мәскеу, Мәскеу облысы және Санкт-Петербург. Аурудың жаңа толқыны басталып жатқанын және бүкіл елге тарайтынын көрсетіп отыр. Мұнда, негізінен, бүгінде Ресей Федерациясында басым болып отырған „Омикронның“ барлық нұсқалары, „Арктур“ бар. Қалыптасқан жағдай қазірдің өзінде індеттің басы деп айтуға болады», — деді А.Попова. Оның айтуынша, эпидемиялық маусым алдында РФ барлық субъектілерінде тұмау және ковидке қарсы алдын алу шаралары орындалған. Атап өткенде, емхана, жедел жәрдем, емдеу және стационарлық база әзірленді. Бұдан бөлек, балабақша, мектеп және жоғарғы оқу орындарында эпидемияға қарсы фильтрлер тәжірибесі енгізіліп, келушілердің денсаулық жағдайы тұрақты түрде тексеріліп жатыр. Роспотребнадзор баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, 2023 жылғы 44-ші аптаның (2023 жылғы 30 қазан-5 қараша) қорытындысына сәйкес COVID-19 вирусын жұқтырудың 35 мың жағдайы тіркелген. Бұл өткен апта көрсеткішінен 31 пайызға көп, бірақ былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға аз. 73 субъектіде ауруға шалдығу өсімі тіркелген. Өткен аптада 5 042 адам ауруханаға жатқызылды, бұл алдағы аптамен салыстырғанда 33,4 пайызға көп. 22 993 адам сауығып шықты (өткен аптамен салыстырғанда 10,8 пайызға көп). 63 адам қайтыс болды. А.Попованың «Россия-1» телеарнасының эфирінде хабарлағанындай, бүгінде коронавирустың бір нұсқасы «пиролланы» жұқтырудың 10 оқиғасы тіркелген — үш оқиға Санкт-Петербургте, тағы үшеуі — Мәскеуде. Бұл ретте дәрігерлер аталған нұсқаның ағымын байқамаған, дегенмен аурудың алғашқы күндері дене температурасының көтерілуі мен бастың қатты ауруы белгілері жүреді. Еске сала кетсек, әлемде COVID-тің жаңа вирустарын жұқтырғандар саны көбейген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде «Оmicron»-ның жаңа штамдары анықталды: тамыз айының ортасында «Pirola» нұсқасын жұқтыру, ал қазанның басында — «Еris» нұсқасын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелген. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Қорғау” жүйесінің көмегімен қауіпті жүргізуші туралы ақпаратты алып, шаралар қабылдайды
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
950 жылдық теңдессіз туынды
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті
Сөмкенің бағасына пәтер алуға болады: Перизат Қайраттың гардеробына шолу
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (видео)
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz