Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды. Оның атауы – FLIRT. Қазір бұл дертті 200-ге жуық адам жұқтырған. Кесел бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Израильде тіркелген еді. Қауіпті ауру тағы бас көтерді ме? Толығырақ әріптесім Аружан Задабек айтады. Эфирде – Жер-жаһан айдары. Кеш жарық, көрермен! Жалпы, коронавируспен алысып жүргенімізге 4 жылдан асыпты. Басында, расымен, қатты қиын болды. Ауруға төтеп беру үшін әлем болып біріктік. Сол бірліктің арқасында жағдай оңалды. Бірақ толығымен өшіру мүмкін болмай тұр. Ресейде кеселдің жаңа түрі пайда болды. Қазірдің өзінде 178 адам жұқтырып үлгерген. Бұл туралы елдің санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету комитеті мәлімдеді. Дертке шалдыққандарда дене қызуы, жөтел, тамақ ауруы сияқты белгілер байқалады. Мамандар ауру аса қауіпті емес, - дейді. Бірақ бұл еркінсуге болады деген сөз емес. Сақтық бәрібір қажет. Ал, Мексикада тоған тартылып жатыр. Бұл -адамзат үшін үлкен шығын. Өйткені бұл жер - ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген дүниежүзіне әйгілі ежелгі орын. Оның тарихи өте терең. Біздің заманымызға дейінгі 600-900 жылдардан бастау алады. Оның тартылуына құрғақшылық себеп болған. Хуан ГОНСАЛЕС, ТҰРҒЫН: Бұл тоғандар - бір жағынан үлкен су арнасы. Олар арқылы біз тауарлар таситынбыз. Өте тиімді әрі аса арзанға түсетін. Өкінішке қарай, осындай таңғажайып тоғандардар айырылып жатырмыз. Қытайда да жағдай мәз емес. Бір күнде бес рет жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 481 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Қырғыз халқының да түні тыныш болмады. Бұл аймақта да жер дүмпуі тіркелді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал, Индонезиядағы аралда жанартау атқылаған. Мамандар күлдің биіктігі 4 шақырымға дейін жетті дейді. Қазір билік төтенше жағдай жариялап, 7 ауылдың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген. Сальсе АНСАР, ТҰРҒЫН: Біз бұл жерден алыс жерге эвакуацияланғандықтан ескерту алған жоқпыз. Бәрін әлеуметтік желіден көрдік. Енді сақ болу керек. Билік жанартаудың айналасындағы 7 шақырым аумақта адамдар мен жануарлар болмау керек деген талап қойды.
Жаңалықтар
![Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1533275/image.jpg.webp)
![Павлодарда көпір жанында жас жігіт суға батып кетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544418/image.png.webp)
![Астанада жатақханада шыққан өрттен бір адам зардап шекті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544416/image.jpg.webp)
![Тісін емдеп жатқан дәрігердің қолын тістеп алған: баланың тыныс алу жолына ине түсіп кеткен](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544399/image.png.webp)
![АШМ Ақтөбедегі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен танысты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544405/image.jpg.webp)
!["Масқара болдық". "Меломен" тобының әншісі бұрынғы әйеліне қатысты оқиғада өз нұсқасын айтты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544390/image.png.webp)
!["Астана-Петропавл" тасжолында автокөлік өртке оранды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544373/image.jpg.webp)
!["Махаббатта жолы болмағандар 14 тамызда осы жерге жиналады". Атыраудағы ерекше жердің құпиясы айтылды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544368/image.png.webp)
!["Бұл жолы мәңгіге". 43 жастағы Дильназ Ахмадиева сүйіктісімен айырылысты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544369/image.png.webp)
![Желіде қызға қатыгездікпен шабуыл жасалғаны көрінетін жантүршігерлік видео тарап кетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544351/image.png.webp)
![Төреғали Төреәлінің әйелі күтпеген жаңалығын бөлісті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544352/image.jpg.webp)
![«Бетіңнен былш еткізіп сүйе салады»: әнші Жеңіс Ысқақова тойдағы жағдай туралы айтты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544370/image.jpg.webp)
![Министрлік утильалымға қатысты петицияның талқылау барысынан видео жариялады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544355/image.png.webp)
!["Жағдайымды жасап алдым": Әнші Жеңіс Ысқақова рэкеттермен достығы жөнінде бар шындықты айтты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544330/image.png.webp)
!["Жан дүнием арзан нәрселерді менсінбеді". Дариға Бадықова қызық жазба жариялады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544345/image.png.webp)
!["3 жыл үйімде тұрып, айтып отырған әңгімеңді естіп, ұялып отырмын". Жігер Ауыпбаев қойшы балаға ренішін білдірді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544318/image.png.webp)
![Бейбіт Жұқаев Илклидегі турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544340/image.webp.webp)
![Еуро іріктеуінде Қазақстанның қарсыласы болған екі құрама тең түсті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544263/image.jpg.webp)
![«Самұрық-Қазынадан» 50 млрд теңге алған «Астана» премьер-лигада тоғызыншы орынға түсті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544194/image.jpg.webp)
![Ақтауда түнгі клубтан шыққандар қан-жоса болғанша төбелескен (ВИДЕО)](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544398/image.webp.webp)
![Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші үйдің баласын бірнеше рет зорлаған](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1544116/image.webp.webp)
![Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші айқасында жеңіске жетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543994/image.jpg.webp)
![Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543424/image.png.webp)
![Тоқеав қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543284/image.png.webp)
![Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543549/image.png.webp)
![Тоқаев Мұрат Әуезовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1542251/image.png.webp)
![Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1007081/image.jpeg.webp)
![+1 жолдама. Қазақстандық мерген қыз Олимпиада жолдамасына ие болды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1532323/image.jpg.webp)
![“Қазақстан мен Кремний алқабы арасында көпір бар”: CEVF 2024 форумы қалай өтті?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1531489/image.jpeg.webp)
![«Қыздарым маған көрсетпей жылаған»: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының шошып қалғанын айтты (ВИДЕО)](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543729/image.jpeg.webp)
![Варикозды тамырларды біржола емдеуге бола ма? Дәрігер жауап берді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543207/image.jpg.webp)
![«Орамалдылардан көңілім қалды»: Тағы бір блогер хиджабын шешті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543188/image.png.webp)
![Қазақстан шегірткемен қалай күресіп жатыр? Жедел штаб отырысы өтті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543678/image.jpeg.webp)
![«Бұл – өте жауапты әрі абыройлы миссия». Тоқаев дәрігерлерге үндеу жасады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543522/image.webp.webp)
![Президент қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1543391/image.jpg.webp)