Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды

Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды. Оның атауы – FLIRT. Қазір бұл дертті 200-ге жуық адам жұқтырған. Кесел бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Израильде тіркелген еді. Қауіпті ауру тағы бас көтерді ме? Толығырақ әріптесім Аружан Задабек айтады. Эфирде – Жер-жаһан айдары. Кеш жарық, көрермен! Жалпы, коронавируспен алысып жүргенімізге 4 жылдан асыпты. Басында, расымен, қатты қиын болды. Ауруға төтеп беру үшін әлем болып біріктік. Сол бірліктің арқасында жағдай оңалды. Бірақ толығымен өшіру мүмкін болмай тұр. Ресейде кеселдің жаңа түрі пайда болды. Қазірдің өзінде 178 адам жұқтырып үлгерген. Бұл туралы елдің санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету комитеті мәлімдеді. Дертке шалдыққандарда дене қызуы, жөтел, тамақ ауруы сияқты белгілер байқалады. Мамандар ауру аса қауіпті емес, - дейді. Бірақ бұл еркінсуге болады деген сөз емес. Сақтық бәрібір қажет. Ал, Мексикада тоған тартылып жатыр. Бұл -адамзат үшін үлкен шығын. Өйткені бұл жер - ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген дүниежүзіне әйгілі ежелгі орын. Оның тарихи өте терең. Біздің заманымызға дейінгі 600-900 жылдардан бастау алады. Оның тартылуына құрғақшылық себеп болған. Хуан ГОНСАЛЕС, ТҰРҒЫН: Бұл тоғандар - бір жағынан үлкен су арнасы. Олар арқылы біз тауарлар таситынбыз. Өте тиімді әрі аса арзанға түсетін. Өкінішке қарай, осындай таңғажайып тоғандардар айырылып жатырмыз. Қытайда да жағдай мәз емес. Бір күнде бес рет жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 481 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Қырғыз халқының да түні тыныш болмады. Бұл аймақта да жер дүмпуі тіркелді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал, Индонезиядағы аралда жанартау атқылаған. Мамандар күлдің биіктігі 4 шақырымға дейін жетті дейді. Қазір билік төтенше жағдай жариялап, 7 ауылдың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген. Сальсе АНСАР, ТҰРҒЫН: Біз бұл жерден алыс жерге эвакуацияланғандықтан ескерту алған жоқпыз. Бәрін әлеуметтік желіден көрдік. Енді сақ болу керек. Билік жанартаудың айналасындағы 7 шақырым аумақта адамдар мен жануарлар болмау керек деген талап қойды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық еңбеккерлер марапатталды
Қазақстанда соңғы 10 жылда нәресте өлімі 32%-ға төмендеді
Almaty Open турнирінің алғашқы wild card иелері анықталды
Әлеуметтік желілер арқылы туристік жолдамаларды рәсімдеу кезінде сақ болған жөн
Астанада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
 Қай клубтың жанкүйерлері бұзақы?
Елімізде ми қан айналымының жіті бұзылуларын емдеу үшін 80-нен астам инсульт орталығы ашылды
Алматыға Тоқаевтың тазылары келе ме?
Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады
Инклюзивті білім беру: Алматыда балабақша педагогтары үшін біліктілікті арттыру курстары басталды
Алимент төлеу – заңды міндет
Алматы мұражайлары бойынша пресс-тур: музыкалық инструменттер, сирек экспонаттар және қала тарихы
Алматыда Almaty Marathon өткізілуіне байланысты қоғамдық көлік қозғалысы өзгертіледі
Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті
Ауылдар неге жойылып жатыр?
Жылауық
Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді
Ата жолын қуса игі...
«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Қорғаныс министрі Руанда Президентінің өкілімен кездесті
Елімізде дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе артты
Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионы Каспий теңізіне жиын-жорыққа шықты
28 қыркүйек – Қазақстанда атом саласы қызметкерлерінің күні
ІІМ баспасөз қызметі үздік деп танылды