Ресейде құйынды желден 9 адам қаза тауып, 70-ке жуығы жарақат алды

Ресейдің Приволжск федералды округінде күн райының қолайсыздығынан 9 адам қаза тауып, тағы 67 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.«Кешеден бері Приволжск федералды округіне қарасты 8 субъектінің аумағына (Татарстан және Марий Эл Республикалары, Чуваш Республикасы, Нижний Новгород, Пенза, Ульяновск, Киров және Самара облыстары) екпіні 27 м/с-қа дейін жететін желмен бірге қауіпті метеорологиялық құбылыстар әсер етуде. 76 адам зардап шекті, соның ішінде 9 адам қаза болды», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінде. 99,5 мың адам жарықсыз қалды. Құйынды жел, сонымен қатар 41 тұрғын үй мен 7 әлеуметтік нысанның шатырына зақым келтірді, 550 ағаш құлады. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда ведомствоаралық жедел штабтар жұмыс істейді. ТЖ салдарын жоюға 758 адам және 180 техника жұмылдырылған. "Ресей ТЖМ құтқарушылары тұрғындарға қолайсыз күн райы салдарымен күресуге көмектесіп жатыр – құлаған ағаштарды алып тастап, жолдарды тазартуда, атаулы көмек көрсетуде", - деп қосып өтті ТЖМ-нан. Гидрометеорология орталығының болжамына сәйкес, циклон Татарстан, Марий Эл, Башқұртстан, Чувашия Республикаларына, Самара, Нижний Новгород, Киров, Саратов және Ульяновск облыстарына ықпалын жалғастырады. Онда қатты жаңбыр жауып, жел 28 м/с дейін күшейетіні күтіледі. Ресей ТЖМ тұрғындардан табиғат аясына шықпауға, суға түспеуге, ағаштар мен ескі ғимараттардан алыс жүруге кеңес берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қуат Хамитов 10 миллион сыйақыға ие болды (ВИДЕО)
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді