Ресейлік әскери ұшақ абайсызда өз қаласын бомбалады,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.Сухой-34-тің соққысынан Украина шекарасы маңындағы Белгород қаласында 9-қабатты үй зақымданып, 3 адам жараланды. Екі әйел ауруханаға жеткізілген.Бұған қоса, алапат жарылыстан алып шұңқыр пайда болып, бір көлік дүкеннің үстіне түскен.Айта кетсек, Ресейдің оңтүстігіндегі Белгород облысы бұған дейін де зардап шеккен еді.Жалпы, Украинада қарулы қақтығыс басталғалы бері бұл қаладағы жанармай және оқ-дәрі қоймалары бірнеше рет жарылған.