Ресейдің екі тұрғыны Қазақстанға темекі қоспаларын 2 жыл бойы заңсыз тасымалдап келген

Ресейдің екі азаматы 2022 жылдан бері Қостанайға Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған темекі қоспаларын, темекі шегуге арналған электронды құрылғыларды жеткізумен айналысып келген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.«2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбасы жоқ, құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б. Рябчиков пен Г. В. Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті әшкерледі»,-делінген хабарламада. Аталған тұлғалар Қазақстанға темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауар түрінде кіргізген. Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған. 35,2 млн теңге сомасына вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде, аталған тұлғаларды ҚМА Қостанайлық департамент қызметкерлері тұтқындады. Сот үкімімен А. Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді. «ҚМА ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңба болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді»,-делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды