Ресейдің Сібірінде жұмбақ кратерлер пайда болған

Сібір жерінің мәңгі тоңында пайда болған бұл кратерлер ғалымдарды таңғалдыруда.Кратерлердің тереңдігі 50 метрден асады, ені 20 метрге жетеді. Олардың айналасында жүздеген метрге дейін жер қойнауынан шыққан тау жыныстары шашылған.Алғаш рет он жыл бұрын бұл кратерлерді байқаған зерттеушілер олардың пайда болу себептерін әлі де таба алмай келеді. Мәңгі тоң жерлердегі кратерлердің табиғатын Aikyn.kz жақында businessinsider.com сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасап түсіндіреді. Осыдан 12 жыл бұрын табылған жарылғыш кратерлер Сібірдің мәңгі тоң жерлерінде ғана кездеседі. Ғалымдар кратерлер тоң болып қатқан жер астында жиналған табиғи газдардың жер бетіне шығып жарылуынан туындауы мүмкін деген болжамдар айтуда. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұндай жарылыстар 100 шақырым қашықтықта да естілген.Ғалымдар бұл жарылыстар жер астындағы мол газ қорлардан жоғары шығып жатқан ыстық табиғи газ себеп болуы мүмкін дейді. Табылған мәліметтер кратерлердің неліктен Сібірдің белгілі бір аймақтарында ғана пайда болатынын түсіндіре алады.«Ресейдің Сібір аймағында табиғи газдың үлкен жер асты қоры бар. Климаттың өзгеруі немесе атмосфераның жылынуы мәңгілік мұздарды еріте бастағанда, осындай құбылыстар болады. Бұл кратерлер тек Сібірде бар», – дейді зерттеу тобының жетекшісі Норвегияның Осло университетінің профессоры Хельге Хеллеванг.Мәңгілік тоңы көптеген органикалық заттарды жердің бетіне шығармай ұстайды. Температура көтерілген сайын тоң еріп, топырақ құрамының ыдырауынан метан бөлінеді. Сондықтан ғалымдар кратерлердің түбінде мәңгілік мұздан шығатын метан жатыр деп болжаған. Бұл ақылға қонымды болжам. Дәл осындай процесс термокарсттарға қатысты жүреді. Мәңгілік тоң еріген жерлерде пайда болатын әрі жанатын көлдердің пайда болуы олардың беттеріне метанның көпіршік болып шығуымен байланысты екені дәлелденген. Темокарстар метанға толы, олар көпіршік болып су бетіне шығады. Бұндай көлдер жанады да. Ал Сібірдегі кратерлердің пайда болуы неліктен әртүрлі аудандарда пайда болғанын түсіндіре алмайды. Әзірге мұндай кратерлердің тек сегізі анықталды және олардың барлығы өте ерекше аймақта орналасқан: Батыс Сібір түбегі Ямал және Ресейдің солтүстігіндегі Гдан аймақтарында. Жарылыс қаупі бар көлдер болса мәңгі тоң пайда болатын кең географиялық аудандарда байқалады, соның ішінде, Канада да бар. Хеллеванг және оның әріптестері кратерлердің пайда болуын басқа механизммен түсіндіреді. Олардың болжауынша: кейбір геологиялық жарықтар арқылы ағып жатқан ыстық табиғи газ мұздатылған топырақ қабатының астында жиналып, төменгі мәңгі тоң қабатын қыздырады. Ыстық газдың бұлайша жиналуы мәңгі тоң қабатын астынан ерітеді. Уақыт өте келе бұндай жерлер опырылып әлсіз және құлауға бейім етеді.Температураның жоғарылауы бір мезгілде мәңгі мұздың жоғарғы қабатын ерітеді. Бұл газдың кенеттен шығуы үшін тамаша жағдай жасайды, яғни, не жарылысты, не қысымды газдан туындаған «механикалық күйреу» тудырады. «Кратер осылайша туындайды», – дейді норвегиялық зерттеушілер. Сібір аймағы әлемдегі ең ірі мұнай мен газ қоры жиналған аудан болғандықтан ғалымдардың гипотезасы бойынша, бұл жерде кратерлер көп болуы керек. Бұл шалғай аудан болғандықтан көптеген кратерлерді су мен топырақ басып жоғалып кетуі мүмкін. Сондықтан пайда болған кратерлердің санын білу мүмкін емес.. «Егер сіз Ямал түбегінің спутниктік суретін қарасаңыз, онда мыңдаған дөңгелек тақта тәрізді ойпаттарды көресіз. Олардың көпшілігі немесе барлығы термокарстар болуы мүмкін, бірақ олар ертерек пайда болған кратерлер де болуы мүмкін», – дейді профессор Хеллеванг. Ғалымдардың гипотеза дұрыс болып шықса, бұл климаттық модельдер үшін қиындықтар туғызуы ықтимал. Дегенмен оның Сібірмен ғана шектелетінін ескерсек, онда метанның жер бетіне шығуының жаһандық әсері аз болады деп болжануда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты