Қазақстанның екі қаласында концерт беріп, басы дауға қалған ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Айта кетейік, әнші Земфира Қазақстанда өткен концерттің ұйымдастыру жұмыстарына көңілі толмағанын айтып, желідегі жазбасында “Қазақстан” атауын кіші әріппен жазып қойған болатын. Өнер иесі жазбаны асығыс жариялағанын айтып ақталды. “Қазақстан, сіздерді ренжіткім келмеді. Жазбаны барынша қысқа әрі асығыс, тыныс белгілеріне мән бермей жаздым. Кешірім өтінемін. Менің барлық тыңдарманым керемет. Оның ішінде Қазақстан да бар. Расымен, құшақ жая қарсы алды”, – делінген жазбада.