"Respublica" партиясы екі бірдей аймақта үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қарағанды облысының халқымен кездескен партия өкілдері оларды алаңдататын мәселелерді тыңдап, өз ойларын ортаға салды.Қарағанды облысына ат басын тіреген Республика партиясының өкілдері Әлеуметтік жағдайдың әлеуетін арттыру, адам құқығы, мүмкіндгі шектеулі жандарға жасалатын жеңілдіктер туралы пікірлесті. Ал, Өскеменге жол тартқан партия өкілдері әуелі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Қатысушылар бизнесте кездесетін кедергілерді талқылап, шағын және орта кәсіпті дамытуға арналған бағдарламалар жайында пікір алмасты. Партия мүшелері осыған дейін 18 елдімекенді аралаған.