"Respublica" партиясының жетекшілері қатарға кірген жаңа жақтастарымен телефон арқылы сөйлесті. Оларды қызықтырған сауалдарға жауап беріп, өз тұғырнамаларын таныстырды.Партияның call орталығы күнделікті жұмыс істейді. Операторлар жан-жақтан түскен қоңырауларға жауап беріп, партия қатарына қосылам деген азаматтарға оның жолдарын, тағы басқа қызықтырған сұрақтарына жол сілтейді. Партияның бағыт-бағдарын, алдағы жоспарларын бөліседі. Қоңырау шалып жатқандардың қарасы қалың. Айта кетейік, саяси додада партия атынан 23 үміткер Мәжіліс депутаттығына, 159 адам мәслихатқа, ал екеуі бір мандаттық жүйемен бақ сынамақ. Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы Республикалықтар 30 мың шақырымды жүріп өтіп, еліміздің барлық өңірін аралап шықты. Ал соңғы аялдама Ұлытау облысы болмақ!