Сайлауды электронды түрде өткізуге бола ма? «Respublica» партиясы Астана қаласында мета-форум ұйымдастырып, виртуалды әлемнің мүмкіншіліктері жайын талқылады.Жиынға отандық IT саласының үздіктері мен осы мамандықта білім алып жүрген жастар қатысты. Олар өз ойларын ортаға салып, еліміздің IT әлеуеті жайлы тың идеяларымен бөлісті. Партия жетекшілері IT-көшбасшыларымен бірге ақпараттық технологиялар және телекоммуникация бағытын дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау саласын цифрландыру жайында ашық диалог алаңын құрды. Бұдан бөлек мета-форумға қатысқан жастар өздерімен бірге білім, экология, агроөнеркәсіп, өндіріс саласына өзгеріс енгізетін жаңа жобаларын ала келіпті. Айдарбек ҚОЖАНАЗАРОВ, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін біз өте әдемі іс-шара өткізіп жатырмыз мета-форум деген. Бүкіл IT саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер, кәсіпкерлер жиналып, өздерінің ұсыныстарын көрсетіп, айтып жатыр. Біз тыңдап жатырмыз және қай бағытта осы саланың дамуына үлес қосатынымыз жайында талқылаулар болды. С. Оралбеков