"Respublica" партиясының өкілдері Жетісу жұртымен жүздесті. Халықтың пікірін тыңдады. Шараға мыңға жуық адам жиналған. Олармен арада еркін пікір алмасу болды. Өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды.Партиялықтар алдымен Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзекке тоқтады. Тұрғынларды сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Жиналғандар да аудандағы білім, денсаулық салаларындағы мәселелерді жеткізді. "Ауыл-аймақтан халықтың үдере көшуі - алаңдатарлық жағдай" дейді олар. Партия өкілдері мұнан кейін Талдықорғандағы штабқа тоқтады. Онда өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды. Екатерина СМОЛЯКОВА, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Көпшілікпен, халықпен кездестік. Әрине әрбір кездесуде әртүрлі сұрақтар туындап жатады. Сондықтан бірлесіп халықтың игілігіне, еліміздің өркендеп деп дамуына, жастарымыз, ұрпағымыз келешекте жақсы өмір сүруіне үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.