«Respublica» партиясы Маңғыстау облысына барды. Өңірге келген партия өкілдері өндіріс саласына сапалы мамандар дайындаудың маңызы жайында талқылады. Саяси науқанның мән-маңызын түсіндірді.Бұл – Ақтау қаласындағы аммиак және аммиак селитрасын өндірумен айналысатын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Жарты ғасырдан астам тарихында қалыптасу мен дамытудың күрделі жолынан өтіп, бүгінде алып өндіріс ошағына айналып отыр. Жылдар бойы жиналған тәжірибе мен озық технологиялар арқылы кәсіпорын агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндіру саласы үшін химиялық өнім шығарады. Республикалықтар бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Экспорт пен импорттағы көңіл бөлінуі керек тұстарды талдап, сауда-саттық тақырыбын қозғады. Ал жиынға қатысушылар әлеуметтік жағдайдың әлеуеті турасында сауалдар қойып, қоғамдағы біршама түйіткілді тақырыптарды талқылады. Өндіріс орнында 1200-ден аса адам еңбек етеді. Маман даярлау, өндірістегі жұмысшылардың әлеуетін көтеру мәселесі де сөз болды. Компания геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, табиғи газды өндіру және өңдеу, аммиак пен аммиак селитрасын өндіру және сатумен айналысады. Бұл бағыттағы инновациялық жобалары жеткілікті. Оны дамытудың тетіктері айтылды. Штаб мүшелері сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары туралы баяндап, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Республикалықтардің үгіт-насихат жұмыстары арнайы кесте бойынша өткізілуде.