Бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу. «Respublica» партиясының өкілдері Қызылорда облысындағы кәсіпкерлерімен кездесуде осы тақырып жан-жақты талқыланды.Қызылорда облысы – шағын кәсіпті дамытуға қолайлы өңір. Тіпті инфрақұрылымы толықтай тартылған индустриялық аймақ аудандарына дейін бар. Бизнестің әліппесін үйрететін, кәсіпті өркендетуге арналған бағдарламалар да жеткілікті. Басқосуда осындай бастамалар талқыланды. Қатысушылар «Республика» партиясы өкілдерімен пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының маңызы мен ел экономикасына тигізер пайдасы турасында әңгіме өрбіді. Жаңа жұмыс орындарын ашу және бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді. Сол үшін бизнес саласын жүйелі түрде қаржыландыруға айрықша назар аудару керек дейді партия жетекшілері. Назерке ТАЛҒАТОВА, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Үгіт-насихат жасау науқанында біз кең ауқымда барлық іс-шараларды өткізудеміз. Барлық кәсіпкерлермен, тұрғындармен түрлі кездесулер ұйымдастырып, ол кісілерге біздің бағдарламаларымызды ұсынып, таныстырып жүрміз. Бүгін турне аясында төраға, тең төраға және кандидаттарымыз Қызылорда облысында 700-ден астам халықпен кездесіп кандидаттарымыз халықтан түскен ұсыныстарды назарға алып жатыр. С. Оралбеков