«Respublica» партиясы өкілдері Тобыл өңіріне табан тіреді. Қостанайға келе сала бірден үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кетті!Әуелі ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін кәсіпорынға тоқтады. Жұмысшылармен жүздесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Кездесу барысында агроөнеркәсіптік сала мен отандық көлік жасау өнеркәсібін дамытудың маңызы жайында түрлі пікірлер айтылды. Қостанайлық машина жасаушылар бұл тұрғыда мемлекет тарапынан қолдау қажет дейді. Ал партия жетекшілері шетелдік тәжірбиелерді мысалға ала отырып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, бұл кездесу алғыс айту күнімен тұспа-тұс келгендіктен «Respublica» партиясы ұжымға отандық өнеркәсіпті дамыту жолындағы ерен еңбектері үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы жобаларына сәттілік тіледі. С. Оралбеков