"Respublica" партиясы шырайлы Шым қалада! Партия жетекшілері мен өкілдері оңтүстік өңірде сапарын жалғастыруда. Әуелі қаладағы бас штабқа аялдады. Үгіт-насихат науқанының алғашқы алты күніне сараптама жасап, алдағы жоспарларды нақтылап алды.Партия өкілдері студенттермен жиын өткізді. Олар IT саласындағы жетістіктерімен бөлісіп, қаланы көркейту жолындағы бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Мұнан соң республикалықтар қала тұрғындарымен кездесті. Онда еліміздегі үшінші мегаполистегі күрмеулі мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын қарастырды. Руслан БЕРДЕНОВ, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ: Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Біздің партиямыз бүгінді таңда Алматы, Астана, Талдықорған, Сарыөзек, Қонаев, Тараз, Шымкент қалаларында болды. Алтыншы күннің қорытындысы ретінде 30 мыңнан астам адаммен жолықтық. 30 мың адамның 70 пайызы жастар.