"Respublica" партиясының үгіт-насихат жұмыстары Маңғыстау облысында жалғасып жатыр. Бүгінгі жүздесулер сауда орталықтарынан басталды. Жұртшылықпен пікірлесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сайлауалды бағдарламадағы өзекті мәселелерге тоқталды.Партия өкілдері қаладағы бірнеше базарды аралап, саудагерлермен сөйлесті. Өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, саяси науқанның мән-маңызын түсіндірді. Сауда-саттықтағы өз тәжірбиелерімен бөлісіп, кәсіпкерлерді толғандырған сауалдарға жауап берді. Жеке кәсіп иелерінің басым бөлігі салық мәселесіне қатысты өзгерістер керек екенін жеткізді. Сондай-ақ, республикашылар мұнай-газ өндірісімен айналысатын кәсіпорынға бас сұқты. Еліміз мұнай мен газдың қоры жөнінен дүние жүзінде ондыққа кіретін бірден-бір ел. Сонымен қатар, Орталық Азия аумағындағы шикі мұнайды ең көп өндіретін ел ретінде де алдыңғы қатарда. Штаб мүшелері жұмысшылармен пікір алмасып, өндіріс саласындағы мәселер жайын талқылады. Амал мерекесімен тұспа-тұс келген кездесулерде партия өкілдері көпшілікке жылы лебіз білдіріп, сәттілік тіледі. Нұржігіт НҰРБОЛАТҰЛЫ, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 13-14 наурызда Маңғыстау өңірінде болып, осы жерде сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кеше Отпантауға барып, ақсақалдармен, халықпен, елмен көрісіп, амандасып келді. Барлығы екі күннің ішінде шамамен екі мыңға жуық адамға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.