«Respublica» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Ұлытау облысында аяқтады. Партия өкілдері жергілікті тұрғындармен жүздесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.Партия өкілдері саяси науқанның маңызын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлаудың ел үшін маңызы жоғары екенін, жарқын болашақтың кепілі екенін айтты. Сондай-ақ, партиялықтар осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын қорытындылады. Еліміздің түкпір-түкпірін аралап, халықтың жағдайымен танысқан. Жиындарда көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынды дейді штаб мүшелері. Атап айтар болсақ, тұрғындардың басым бөлігін әлеуметтік мәселе алаңдатады. Жер-жерде болған кездесулерде ақсақалдар өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын талқылаған. Осылайша, «Respublica» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Ұлытау облысында аяқтады. Айта кетейік, үгіт-насихат жұмыстары басталғалы «Respublica» партиясының қатарына қосылуға бес жүз жеті мың қазақстандықтан өтініш түскен.