«Respublica» партиясының өкілдері Алматы құрылысшыларымен кездесті. Оларға сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, саяси науқанның маңыздылығы жайында сөз қозғады.Құрылыс саласында мәселе көп. Оны қалай шешуге болады? Басқосуда партиялықтар мамандармен бірге проблемаларды талқылап, ұсыныстарын айтты. «Ауқымы кең, күрделі жобаларға қолдау қажет» дейді мамандар. Бауырлас Түркиядағы зілзаланың зардабы жайы да сөз болды. Партия өкілдері бұл жағдайдың әсіресе құрылысшылар үшін үлкен сабақ екенін атап өтті. Сондай-ақ қала дамуына үлес қосқан жұмысшылардың еңбегі қашан да елеулі екенін айтып, алдағы жобаларына сәттілік тіледі. Жиыннан кейін бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, Алатаудың етегінен бой көтеріп жатқан ғимараттармен танысты. Сұңғат РАЙЫМБЕК, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ШТАБ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда жиырма бірінші ғасыр болғандықтан көптеген реформалар болып жатыр. Біздің Президентіміз көптеген реформалар жасады. Жеті партия додаға түсті, былайша айтқанда бәйгеге түсті. Менің ойымша әділ өтеді деп сенемін. Өйткені өзгерістерге жол берілді.