"Respublica" партиясы өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жайын талқылады. Ақмола облысында жалғасқан сапар Көкшетау қаласынан басталды. Әуелі партия өкілдері Көкшетаудағы машина жасау зауытына табан тіреп, өз тұғырнамаларын таныстырды.Партиялықтар сайлаудың қоғамдағы маңызын түсіндіріп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Жиын барысында жұмысшылардың жағдайын жақсарту, мамандардың жетіспеушілігін жою турасында әңгіме өрбіді. Жергілікті шаруа иелерімен өткен кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі көтерілді. Бұл орайда ауыл шаруашылығына “жасыл” технологиялардың қажеттілігі аталды. Кейін партия өкілдері өңірдің іскер әйелдерімен кездесіп, бұрымдылардың бизнестегі рөлі жайында өз ұсыныстарын ортаға салды. Айдарбек ҚОЖАНАЗАРОВ, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз бүгін Көкшетаудамыз. Бұл біздің он үшінші аумағымыз. Анау Жетісу өңірінен бастап, осы солтүстік өңірге келіп тұрмыз. Осы он үш аймақта біз бір миллионнан астам адаммен кездестік. Оның ішінен 153 мың адам "Respublica "партиясының қатарына кіруге өтініш берді.