«Respublica» партиясының өкілдері Қонаев қаласына табан тіреді. Алдымен шаһар орталығындағы қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткішіне барып, гүл шоғын қойды. Кейіннен қала халқымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.Партия өкілдері жұртшылыққа саяси науқанның маңызын түсіндірді. Жиын барысында жұмыссыз жүрген жастар мен мүгедектерге қолдаудың ерекше екені айтылды. Бұдан соң жастармен кездесті. Онда диалог алаңы құрылып, әркім өз тәжірбиесімен бөлісті. Мұнан соң штаб мүшелері жергілікті өнер адамдарымен кездесіп, түрлі мәселелерді талқылады. Руслан БЕРДЕНОВ, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ: Үгіт-насихат науқаны жақсы жүріп жатыр. Осы жылы көріп жатырмыз жеті партия құрылды. Өзекті мәселелер көп. Бүгін Қонаев қаласындамыз. Осы жастардың, белсенділердің, халықтың көптеген проблемаларын тыңдап жатырмыз.