Respublica партиясының өкілдері Таразға тоқтады. Жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, өз тәжірбиелерімен бөлісті. Ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы пікір алмасып, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық саласындағы мәселелерді қозғады.Партия өкілдері мыңнан астам тұрғынмен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаларын түсіндірді. Өңірдегі өзекті проблемармен танысып, оларды шешу үшін өз ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, жарық техникасы өнімдері мен электротехникалық жабдықтарды өндіретін компанияға бас сұқты. Жұмысшылармен тілдесіп, отандық өндіріс ошақтарының маңызы жайында әңгімелесті. Қуаныш ШОНБАЙ, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін Жамбыл облысында үлкен кездесу жасап жатырмыз. Күні бойы үлкен кездесулер. Таңертеңнен бастап кәсіпкерлермен кездестік. Кәсіпкерлермен салық кодексін, сол тақырыптарды қозғадық. Одан кейін халықпен кездесіп отырмыз. Үлкен позициялық философиялық концепциялық әңгімеден бастап нақты бір тақырыпқа дейін әңгіме болып жатыр.