Волонтерлардың ең басты атқарып жатқан жұмыстары зардап шеккен тұрғындарды ыстық тамақпен, жылы киіммен, жататын төсек орындарымен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда зардап шеккен тұрғындардың денсаулығы сыр берген жағдайда дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы «Ұлттық волонтерлік желі» мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Айбек Досымбетов ОКҚ алаңында хабарлады.«Волонтерлар жалпы ұйымдасқан топтары құтқару қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарынын жасап жатыр. Жалпы республика бойынша барлық 20 аймақта жедел жері телефондары іске қосылған. Гуманитарлық көмек жинау орталықтары ашылып, бұл көмек зардап шеккен аймақтарға жіберіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін республика бойынша 550 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Бұл көмектің 370 тоннасы қажетті елді мекендерге жеткізілген болатын. Жалпы республика бойынша 25 мыңнан астам волонтерлар түрлі қызмет көрсетіп жатыр», - деді спикер.