«Республика күні бірлікті ұлықтайтын мерекеге айналуы тиіс»,- Шәміл Фахрутдинов

Егемендік туралы декларация - елдіктің, тәуелсіздіктің тірегі.Сондықтан жиырма бесінші қазан жалпы халықтық сипатта тойлануы керек.Тобыл өңіріндегі зиялы қауым өкілдері осылайша ой толғады. Би өнерін әлемге танытқан әйгілі хореограф, «Карнавал» ансамблінің жетекшісі Шәміл Әбдірахманұлы қазанның жиырма бесін жалпы халықтық мерекеге айналдыру керек дейді. Республика күні – елімізді мекен еткен түрлі этнос өкілдерінің басы қосылатын, сайын дала төсінде сан ғасыр бейбіт өмір кешкен кемелді халықтың бірлігі мен берекесін бекемдей түспек. Шәміл ФАХРУТДИНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, «ҚҰРМЕТ » ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ: Ұлтаралық қатынас мәдениетін, тәрбиесін еңбектеген сәбиден, еңкейген қарияға дейін үнемі ұлықтауымыз керек. Осыны жүзеге асыру арқылы халықтар татулығы мен мемлекеттің тұтастығы туралы сенімді айта аламыз. Республика күні мерекесі – осы мызғымас береке- бірлік пен тұғырлы елдің түп- тірегі. Қазанның жиырма бесі - қазақ елі үшін елеулі күн. Егемендік декларациясы елім деген ерлердің еңсесін тіктеп, көп қазақтың төбесін көкке жеткізді. Жанұзақ АЯЗБЕКҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ҚОФ ДИРЕКТОРЫ, ЖУРНАЛИСТ-ЖАЗУШЫ: 1990 жылғы 25 қазан мен үшін есімнен кетпейтін бір елеулі оқиға десе болады.Тәуелсіз ел болды деп декларация қабылдағаны және оған бүкіл қазақ жұрты, оған біздің жоғарғы кеңес қолдап сол күні-ақ әлемге таратқаны кез-келген қазақтың жүрегін толқытып жібергені рас. Күлтай ӘБДІРАХМАНОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ, АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ: Республика күні- ұлттың ең басты мерекесінің бірі деп ойлаймын.Сондықтан оған тек ғана бір күн емес.Жыл бойы ерекше мән берілуі тиіс.Халықтың санасын оятатындай.Жаңағы БАҚ шығып жатқан өнімдер қандай? Оларға мән беру. Тарихи құжаттың қабылдануы жер-жаһанға тарыдай шашылған талай қандастың атажұртқа ағылуына жол ашты. Шетелдегі қазақтарға үлкен қозғау салды. Қыдырбек ХИЫСХАНҰЛЫ, ТАРИХШЫ, ЖУРНАЛИСТ: 1990-1991 жылдардан бастап Қазақстанға еңбек шарты бойынша қандастар көшіп келе бастауы сол кезден басталды. Еңбек мемлекеттік бағдарламасы болып әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатыр.Ішіндегі талаптары ғана сәл-сәл өзгерген шығар.Шетелдегі қазақтарды одан ары қарай Қазақстанға тартуға үлкен септігін тигізіп жатқан бағдарлама. Халқымыз тәуелсіздікті текті ұғымға теңеген. Баға жетпес байлығына балаған. Ал оның бастауы болған Республика күні де ұлықталып, ұлттық мәртебеге көтерілуі тиіс. Мұны ең әуелі ел жастары ескеріп, терең түсінсе игі дейді зиялы қауым өкілдері.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Балалар омбудсмені Оралдағы оқушы қыздың буллингке ұшырауына қатысты үн қатты
Қарсыласын жеңген Қуат Хамитов 10 млн теңге сыйақыға ие болды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Грузияда мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді
#Qazalemi. Нұрлан Қоянбаев 16 желтоқсанға орай байқау жариялады
Құлсарыда спорт мектебінің бухгалтері 55,3 млн теңгені негізсіз жұмсаған
Атырау облысында спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған
Шымкентте дәрігерлер 70 жастағы әжейге ота жасап, аман алып қалды
Маңғыстауда «Ақтау – Бекет ата» жаңа туристік маршруты іске қосылды