Сондай-ақ бүгін білім беру саласының 68 қызметкері марапатталды. Оларға білім саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін "Еңбек ардагері", "Ыбырай Алтынсарин медалі", «Білім беру ісінің құрметі қызметкері», және де оқу-ағарту министрінің "Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары" табысталды. Сонымен қатар «Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» дипломдары берілді. Айтулы шараға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, ұстаздар қауымын Республика күнімен құттықтап, олардың қызметіне сәттілік тіледі. Салтанатты жиын соңы өнерпаздардың мерекелік концертіне жалғасты.Еділ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Егемендіктің рөлі жалпы ел тарихында өте үлкен. Оның бір ұсынымының бірі ол білім саласы әрине. Біздің елімізде егемендік ел болып қалыптасып, өзіміздің білім мүшесі қалыптасып осы бағытта үлкен кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгін -ерекше қуанышты күн. Осы қуанышты күнде барлық еліміздегі ұстаздарды құттықтаймыз. Секер АЙМАҒАНБЕТОВА, "ЕҢБЕК АРДАГЕРІ" МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ: Рақмет! Еңбегімізді бағалап біздің ұстаздық өмір деген қиын ғой. Республика күні өзіміздің егемендік алғаннан кейінгі үлкен мерекеміз. Енді өзімнің әріптестерімді, ұстаздарымды және осы салада қызмет істейтін қызметкерлердің барлығын осы мерекемен құттықтаймын.