Қазір спортшылар қызу дайындық үстінде. Олар Астанада өтетін «Tartyl Fest» белтемірге тартылудан республикалық турнирдің гранд-финалынан жүлдегер болудан үмітті. Бұл сайысқа еліміздің 20 қаласынан 170 спортшы қатысады. Финалда Орал қаласынан 9 спортшы бақтарын сынап көрмек.Солардың бірі - Юрий Кичатов. Жасы 38-ден асқан спортшы өзінен әлдеқайда кіші жігіттердің өзін шаң қаптырған. Енді ол «Tartyl Fest турнирінде» топ жарарына үмітті. Ю. Кичатов бұған дейін талай сайыста жүлдегер атанған. Азия мен Еуропа Чемпионаты, Ынтымақтастық Кубогы мен әлемдік біріншіліктерден құр қайтпаған жігіт қазір қаладағы фитнес клубтардың бірінде жұмыс істейді. Жастарға көше гимнастикасының қыр-сырын үйретіп, салауатты өмір салтын ұстануға баулып жүр.