Республикалық автожолдардың 6 учаскесінде жол қозғалысына енгізілген уақытша шектеу алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бұл Ақмола және Қостанай облыстарындағы бірқатар күре жолға қатысты. Ақмола облысында: "Екатеринбург-Алматы" тасжолында Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін; "Жақсы-Есіл-Бұзұлық" тасжолында Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін; "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін; "Жезқазған-Петропавл" тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Знаменка ауылына дейін; Қостанай облысында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолының Октябрьский ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы ашық. Cондай-ақ "Жезқазған-Петропавл" күре жолының Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы ашық.