Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддердегі жылу электр орталығын коммуналдық меншікке беру керектігін айтты.Бүгін Риддердегі жылу электр орталығында тағы да оқыс жағдай болды. Екі қазандықта өрт шығып, үйлерде жылу температурасы азайған. «Осы жағдайдан Риддер ЖЭО-ның жаңа иесіне үміт артудың қажеті жоқтығын көріп отырмыз. Сондықтан жылу электр орталығын коммуналдық меншікке алу қажет деп есептеймін. Келесі аптада осында тағы бір жиналыс өткіземін. Сонда орталық иелерінің нақты ойлары мен ұсыныстарын тыңдаймын», - дейді ол. Аймақ басшысы өз сөзінде жергілікті биліктің қазір «Риддер» ЖЭО-ны коммуналдық меншікке алу, желілерді, жабдықтарды күрделі жөндеу және жаңа жылыту маусымына дайындау үшін заңнамаға сәйкес бәрін жасап жатқанын жеткізді.